Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau
13 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаІздеуҚұтқарушылар жоғалған балықшылардың бірінің денесін тапты

Құтқарушылар жоғалған балықшылардың бірінің денесін тапты

Бүгін Астана су қоймасында құтқарушылар көлдің түбінен 1975 жылы туған ер адамның денесін тапты, екінші балықшыны іздестіру жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, 10 қазанында Астана су қоймасында моторлы қайықпен балық аулау кезінде 1972 және 1975 жылы туған Теміртау қаласының тұрғындары белгісіз жағдайларда жоғалып кеткен болатын.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖД жеке құрамынан алты адам және бір техника, бір жүзу құралы, полиция департаментінің жеке құрамынан екі адам және екі техника, жергілікті атқарушы органдар, төрт волонтерлер және екі бірлік техника, стационарлық эхолотпен жабдықталған екі жүзу құралы жұмылдырылған. 1972 жылы туған азаматты іздеу жұмыстары жалғасуда.

Ақмола облысының ТЖ Департаменті балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салады (мас күйінде балық ауламау және суда болған кезде құтқару кеудешелерін кию).

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...