Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
15.8 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетАхмет Байтұрсыновтың  150 жылдығына және Республика күніне арналған «Ұлттың ұлы ұстазы»  аймақтық...

Ахмет Байтұрсыновтың  150 жылдығына және Республика күніне арналған «Ұлттың ұлы ұстазы»  аймақтық айтыстың жүлдегерлері марапатталды

«Көкшетау» мәдениет сарайында облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен ақын, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына және Республика күніне арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» аймақтық айтысы өтті.

Өнер додасына Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Ақмола облыстары мен Астана қаласынан сөзге шешен 10 суырып салма ақын қатысты. Айтыскерлер өнерін бағалап, таразылап, әділ бағасын берген қазылар алқасы – өңіріміздің  өнер қайраткерлері мен ақын-жазушылары болды.

«Ұлттың ұлы ұстазы» аймақтық айтысын танымал ақын, айтыскер, жазушы Арман Бердалин жүргізді.

Бас жүлде мен 600 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификаттың иегері Батырлан Сағынтаев(Қостанай облысы)атанды.

Жүлделі І орын мен 300 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатты Ақбота Манарбекқызы (Астана қаласы иеленсе, ІІ орын мен 200 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификат Ерлан Дәулет (Ақмола облысы) бұйырды.

ІІІ орын мен  100 000 теңге сомасындағы ақшалай сертификатты Нұртілеу Төленбек (Астана қаласы) еншіледі.

Барлық айтыскер ақындарға ұйымдастыру алқасының дипломдары мен естелік кәдесыйлары табыс етілді.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...