Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
16.4 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
12 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғам190 мектеп оқушысы жол саласымен танысты

190 мектеп оқушысы жол саласымен танысты

Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы Ақмола облыстық филиалы «2000 мектеп» акциясы аясында өңірде қызу жұмыс жүргізуде. Филиал мамандары жыл басынан бері 190-нан астам мектеп оқушыларымен кездесті. Жүзден астам оқушы жолшылардың жұмыс орнына экскурсияға келіп, олардың жұмысымен егжей-тегжейлі танысты. Қалай болғанда да, жол құрылысшысы мамандығы танымал бола бастады және көптеген адамдар оның қажеттілігін түсінеді, дейді сарапшылар.

Акцияның міндеті автожолдар саласында кадр тапшылығы мәселесін шешу мақсатында білім беру мекемелерінде жол мамандықтары бойынша кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізу. Филиал мамандары оффлайн және онлайн форматта өңірдің көптеген мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізеді. Филиал инженерлері Абылай Төлеуов Көкшетау қаласының бірқатар мектептерінде кәсіби бағдар беру іс-шараларын өткізді. Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында ол автожолшы мамандығы, оның артықшылықтары мен перспективалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Мектеп оқушыларына жол саласы қызметкерлерінің қызметінің ерекшеліктері мен күнделікті тыныс-тіршілігін сиппатап берді.

«Мемлекет басшысы еліміздің жол-құрылыс саласы мамандарының алдына сапалы инфрақұрылымдық даму мақсатында ауқымды міндеттер қойды. Сондықтан жол саласы білікті, даярланған кадрларға мұқтаж. Бүгін біз автожолшы мамандығын таңдай алатын талапкерлерге үлкен үміт артамыз. Біздің саланы жаңа кадрлармен толықтыру үшін барлық жағдай жасалған. Бұл жоғары және орта арнаулы оқу орындарын таңдау мүмкіндігі, мамандықтардың кең спектрі, мыңдаған білім беру гранттары, стипендиялармен қамтамасыз ету. Болашақта түлектер біздің салада тез жұмысқа орналасады, оларға лайықты жалақы мен қажетті еңбек жағдайлары қамтамасыз етіледі», – деді Жол активтерінің Ұлттық сапа орталығы Ақмола облыстық филиалының жол инженері Абылай Төлеуов.

Сондай-ақ, мектеп оқушыларына жол саласында жұмыс істеу үшін қандай оқу орындарында оқуға болатындығы, қандай пәндер бойынша емтихан тапсыру қажет екендігі, осы салаға бөлінетін гранттар саны, стипендиялар мөлшері туралы бейнероликтер көрсетілді. Мектеп оқушылары үлкен қызығушылық танытып, жоғары оқу орындары мен колледждерде оқу процесі, жұмыс қиындықтары, жалақы туралы сұрақтар қойды. Соңында жолшылар болашақ талапкерлерді дұрыс таңдау жасап, автожолдар саласында еліміздің дамуы үшін еңбек етуге шақырды.

«Әрине, көптеген жастар үшін жолшы болу беделді емес болып көрінуі мүмкін. Бірақ шындықты ескеру керек, технологиялар дамып, қолайлы еңбек жағдайлары жасалуда, жалақы өседі, жұмысқа орналасудың кең таңдауы, жаңа кадрларда сұранысқа ие еңбек нарығы бар. Статистика көрсеткендей, жоғары оқу орындары мен колледждердің жол мамандықтары бойынша түлектері басқаларға қарағанда тезірек жұмыс табады. Білікті мамандар өзіне лайықты орынды тез табады Сондықтан біздің өңірдегі жолшылар командасы Президенттің техникалық кадрларды даярлау туралы бастамасын толық қолдайды», – деді Жол активтері Ұлттық сапа Орталығы өңірлік филиалының зертхана меңгерушісі Александр Волков.

Кәсіби бағдарлау жұмыстары әрі қарай жыл соңына жалғаспақ. Осы жылы жолшылар Ақмола облысының барлық 17 ауданы мен 3 қаласында оқу орындарында «2000 мектеп» аясында іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар оқушыларға филиал қабырғасында арнайы «ашық есік» күндерін мен экскурсияларды ұйымдастыруға ниетті.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...