Понедельник, 25 ноября, 2024
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАқмола облысының тұрғынын несие алаяқтары алдап кетті

Ақмола облысының тұрғынын несие алаяқтары алдап кетті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Алаяқтардың әрекеттері туралы көптеген ескертулерге қарамастан, азаматтар әлі де қылмыстық манипуляцияларға ұшырайды, нәтижесінде олар өз қаражаттарынан айырылады.

Мәселен, ағымдағы жылдың 27 желтоқсанында Ерейментау АПБ полиция бөліміне жергілікті тұрғын келіп, белгісіз ер адамның телефонына қоңырау шалып, өзін Каспий банкінің қызметкері ретінде таныстырғанын хабарлады.

Арызданушының айтуынша, қоңырау шалған ер адам оған банктің қосымшасында белгісіз адамдар оның сенімді нөмірін өзгертуге тырысып жатқанын және ҚР үш түрлі банктерінде оның атына несиелер ресімдеу бойынша іс-қимылдар жүргізіп жатқанын хабарлаған.

Жағдайды жан-жақты ойлауға уақыт бермей, алаяқ ер адамды қолма-қол ақшаны сақтап қалу үшін телефонға «AnyDesk» қашықтан қол жеткізу қосымшасын жүктеп, «қайталама несие» рәсімдеу керектігіне сендірген.

«ForteBank» қосымшасында қаскүнем жәбірленушінің атына «Блю» картасын ашып, қашықтан қол жеткізу қосымшасы арқылы оның атына 4 млн.747 мың теңге сомасында несие ресімдеген. Содан соң алаяқ ақшаны өтініш берушіге белгісіз шотқа аударған.
Жәбірленуші несиелік алаяқтардың әрекеттері туралы білгенін, дегенмен олардың қылмыстық айла-шарғыларына көнгенін мойындады.

Осындай оқиға 26 желтоқсанда полицияға арыз берген Ақкөл ауданының тұрғынына да қатысты. Жергілікті тұрғын алаяқтардың іс-әрекетінің құрбаны болып, 2 млн.теңге сомасында ақша қаражатынан айырылған.

Полицейлер жәбірленушілердің ақшалай қаражатын Павлодар және Алматы қалаларындағы қаскүнемдер алғанын анықтады. Полиция қызметкерлері ForteBank-ке банк карталарынан ақша қаражаты алынған пайдаланушылардың толық сауалнамалық деректерін, сондай-ақ осы қылмыстың ашылуына ықпал ететін басқа да деректерді анықтау мақсатында тиісті сұрау салулар жолдады.

Екі факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті адамдарды анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және іздестіру іс-шаралары жүргізіледі.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...