Сенбі, Мамыр 4, 2024
6.6 C
Kokshetau
10 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениет«Айтыс – музыкадағы  эмоционалды импровизация және поэзиядағы интеллект» атты шеберлік сыныбы өтті

«Айтыс – музыкадағы  эмоционалды импровизация және поэзиядағы интеллект» атты шеберлік сыныбы өтті

«Бала ақын-жас дарын» дәстүрлі облыстық оқушылар айтысына дайындық аясында айтыс жанрын дамыту, айтыс бағыттарымен танысу, шешендік дағдыларын дамыту, сахналық және сөйлеу мәдениетінің деңгейін арттыру мақсатында облыстық халық шығармашылық және мәдени демалыс орталығы жас ақындар мен жетекшілеріне арналған «Айтыс – музыкадағы эмоционалды импровизация және поэзиядағы интеллект» атты шеберлік сыныбын өткізді.

Ақын-импровизатор, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, ақын, журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «ҚР Тұңғыш Президенті қоры» сыйлығының лауреаты, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, үш мәрте ҚР Президенті стипендиясының иегері Алмас Темірбай халық шығармашылығының жанры, қазақ мәдениетінің мұрасы – айтыс туралы айта кетіп, шеберлік құпияларымен, көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесімен бөлісті, кәсіби ұсыныстар берді.

Сонымен қатар іс-шарада 2023 жылы 130 жылдығы атап өтілетін ақын, публицист, педагог-ағартушы Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына көп көңіл бөлінді.

Ақкөл, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Егіндікөл, Ерейментау, Зеренді аудандары мен Көкшетау қаласынан келген 26 жас айтыскерлер мен олардың тәлімгерлері қойылған сауалдарға толық жауап алып, өз таланттарын көрсете алды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне...

Антикор волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО-да тегін кеңес береді

Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары! А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас...

Ақмола облысында әдеп жөніндегі уәкілдерге антикорновеллалар түсіндірілді

Облыс әкімдігінің алаңында өткен кездесуде жергілікті атқарушы органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының басты ережелері түсіндірілді. Департаменттің превенция басқармасы...