Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мемлекет саясатының өзекті және басым бағыты болып табылады.
Осы салада Ақмола облысының прокуратурасы тұрақты негізде талдаулар, оның ішінде мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерін анықтау және жолын кесу бойынша мониторинг жүргізеді.
Кәсіпкерлік субъектілерімен реттелетін қызметтер көрсету туралы шарттар жасау кезінде заңнама талаптарының сақталуын талдаумен бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Үлгі шарттың талаптарына сәйкес тұтынушы нақты көрсетілген қызметтер бойынша ай сайынғы есеп айырысу кезеңінен кейінгі айдың 25-күніне дейінгі мерзімде ақы төлейді.
Алайда, монополистердің сумен жабдықтау қызметтерін ұсынуға арналған шарттарында төлем мерзімі 15-ші күнге дейін негізсіз көрсетілген.
Қызмет көрсетуді тоқтата тұру (тоқтату) туралы ескерту кемінде күнтізбелік үш күн бұрын көзделген, ал заңнама талаптарына сәйкес мерзім 30 күнді құрайды.
Бұл бұзушылықтар 892 кәсіпкердің құқықтарына нұқсан келтірді. Анықталған бұзушылықтар бойынша жергілікті атқарушы органдардың атына прокурорлық қадағалау актілері енгізілді.
Актілерді қарау нәтижесінде, шарттар заңнама нормаларына сәйкес келтірілді, 892 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.