Вторник, 14 января, 2025
ЖаңалықтарҚоғамТұлғаР.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында...

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайыс өтті.

Сайыстың мақсаты – өскелең ұрпақтың еліне деген сүйіспеншілігін ояту, сонымен қатар, жоғары патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық сезімін қалыптастыру мен жастардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру.
Аталмыш сайысқа Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Қылышбаев, Ауған соғысының ардагері Жанатай Құсайынов , Көкшетау қ. №1 арнайы мектеп-интернатының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі, запастағы лейтенант, қазылар алқасының төрағасы Қайрат Шамекешев, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі, 2-ші дәрежедегі сержант Әсет Шоқаев, № 5 «Таңдау» мектеп- гимназиясының алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Игорь Квачадзе, Ақан Сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің директоры Саян Мұхамедияр, «Қазақ тілі мен мәдениеті» ҚБ төрағасы Марат Қойшин, Ақмола облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Дастан Ермеков, зиялы қауым өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, Ж. Мусин атындағы жоғары қазақ педагогикалық колледжінің, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің, Жоғары “Арна” колледжінің, Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы және Жоғары техникалық колледждерінің студенттері қатысты.

Жүлделі бірінші орынды Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледж алса, екінші орынды Жоғары техникалық колледж, ал үшінші орынға Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледж жайғасты. Сондай-ақ, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы мен «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің атынан қатысқан топтарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Бұндай ел жастарына үлгі-өнеге әрі рухани азық болар тағылымды іс-шаралар өз жалғасын таппақ.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жайлылық пен сапа: Ақмола облысында заманауи жатақханалар ашылуда

Жыл басында  өңірде студенттер үшін жаңа заманауи жатақханалар пайдалануға беріледі. Бұл  оларды жайлы баспанамен қамтамасыз етудегі маңызды қадам  болмақ. Жаңа жатақхана студенттердің тұрғын үй...

Мемлекеттік қызметтерді көрсету саласында 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталды

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2024 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша...

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 43,4% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылғы қызметін қорытындылады. Бұл туралы Департамент басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен...

Онлайн режимде мемлекеттік қызметке іріктеу бойынша 1683 конкурс өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында eqyzmet.gov.kz жүйесінде мемлекеттік қызметке іріктеу...

Ақмола облысында 528 мемлекеттік қызметшінің құқығы қорғалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикердің айтуынша...