Вторник, 22 апреля, 2025
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын...

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің араласуынан кейін кәсіпкерге ғимаратын кеңейту үшін қосымша жер телімі берілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті әкімшілік кедергілерге тап болған кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтірді.

Осылайша, кәсіпкер С.  Көкшетау қаласының әкімдігіне қосымша ауданы 0,04 гектар жер телімін ұсыну туралы өтінішпен жүгінген. Алайда, мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтініште нысаналы мақсаты дұрыс көрсетілмегендіктен, жергілікті атқарушы орган оған жер телімін беруден бас тартқан.  Яғни, кәсіпкер өз өтінішінде бұрыннан бар ғимаратты кеңейту ниетін көрсетпей, қосымша жер сұраған.

Департамент шағымды қарау барысында анықтағандай, мемлекеттік органның «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың шегiнде жер учаскесiне құқықтарды сатып алу» мемлекеттiк қызметтерiн көрсету қағидаларына сәйкес тыңдау рәсімін тиісті түрде жүргізіп бас тартуға негіз болған ескертпелер мен себептерді жою тәртібін түсіндіруге мүмкіндігі болды.

Департамент шағымды қарау қорытындылары бойынша өтінішті қайта беру тәртібін егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, көрсетілетін қызметті берушіге кәсіпкердің бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге міндеттейтін шешім қабылдады.

Нәтижесінде Көкшетау қаласының әкімдігі кәсіпкерге ғимаратты кеңейту үшін қосымша жер телімін берді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Жолшылар Көкшетау қаласының колледж студенттерімен кездесті

Жолшылар Көкшетау қаласының мектептерінің түлектерімен кездесті. «Жол активтері сапасының Ұлттық Орталығы» РМК Ақмола облысы бойынша филиалы ұжымы арнайы мектепке барып, кәсіби-бағдар беру жұмыстарын жалғастырып...

Ақмола облысында 315 қызмет алушының құқықтары қалпына келтірілді

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілевтің қатысуымен Департаменттің 2025 жылдың І тоқсаны ішіндегі...

Биыл Ақмола облысында 9 мемлекеттік орган мемлекеттік қызметке іріктеудің пилоттық жүйесіне кіреді

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Спикер атап...

Жоғары оқу орындарының 25 түлегі мемлекеттік қызметке конкурссыз қабылданды

Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамамен мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру мақсатында «Б» корпусының кейбір мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі көзделген. Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифинг...

50 мемлекеттік қызметші Ақмола облысында жоғары лауазымдарға тағайындалды

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Әбілев мәлімдеді. Оның айтуынша,...