Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Махаббат Большинаның мәліметінше, Литва астанасы Вильнюс қаласында армрестлингтен әлем кубогы аяқталды, онда 36 елдің 500-ден астам өкілі күш сынасты.
Оның ішінде «Бурабай» балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің тәрбиеленушілері екі алтын және алты күміс медаль иеленді.
Балалар бапкерлері Ильин Илья, Ольга Ильина және Дмитрий Тонның жетекшілігімен жаттығады.