Воскресенье, 8 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚазақстан200 ауылды дамытуға 55 млрд теңге бөлінеді

200 ауылды дамытуға 55 млрд теңге бөлінеді

200 ауылды дамытуға 55 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Сенатта Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Толықтай алғанда, бюджетті нақтылау аясында шығыстарды келесі бағыттар бойынша жалпы сомасын 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайту көзделген. Президент тапсырмаларын жүзеге асыруға 2 трлн теңге қарастырылған», — деді вице-министр 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы таныстыра келе.

Оның атап өтуінше, өңірлерді нығайту және инфрақұрылымдардың дамытуға 240 млрд теңге жұмсалады. Оның 109 млрд теңгесі қалалар мен ауылдарды ауыз сумен қамтуға бағытталады.

«Қосымша шығыстар 2023 жылы қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 99 пайызға, ал ауылдық елді мекендерде 96,5 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Ауыл – ел бесігі» жобасын одан ары жүзеге асыру үшін заң жобасында 55 млрд теңге көзделген. Бұл шығыстар 200 ауылдық елді мекенді жаңғыртуға жұмсалады», — деді ол.

Вице-министрдің дерегінше, заң жобасында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 24 млрд теңге көзделген. Бұл қаражатқа шағын қабатты 550 тұрғын кешеніне және жеке тұрғын үйге арналған шамамен 15 мың жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту жоспарланып отыр. Сонымен қатар ірі қалалардың шағын және моноқалалардың аумақтарын дамытуға 27 млрд теңге қарастырылған.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Щучинскіде ашылған ескерткіш кімге арналған?

Әлеуметтік желілерде Щучинск қаласында ауған соғысы ардагерлеріне арнап орнатылған ескерткіш туралы ақпарат таралды. Ауған соғысына қатысушыларды ақтай да, даттай да алмаймыз. Олар отандарын басқыншы...

Сот қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады

Сотта, 58-жастағы жұмыс істемейтін азамат «П.»-ға қатысты анасының денсаулығына зиян келтірмей ұрып-соққаны үшін қылмыстық іс қаралды (Қылмыстық кодексінің 109-1-бабының 1-бөлігі). Сотта анықталғандай, ер адам үйде...

Сот жұмысшыларға өтемақы, моральдық зиян және әлеуметтік төлемдерді аударуды ЖШС-ны міндеттеді

Қосшы қалалық соты пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақы, өсімпұл, моральдық зиянды өндіріп алу және әлеуметтік төлемдерді аударуды міндеттеу туралы «D.» ЖШС-ға 11 жұмысшының талап...

Қазақстандық пауэрлифтер Давид Дегтярев екі дүркін паралимпиада чемпионы атанды

Қазақстандық Давид Дегтярев Париждегі Паралимпиада ойындарының чемпионы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. Ол пауэрлифтингтен 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде топ  жарды. Оның ең үздік нәтижесі –...

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер құжаттарын қабылдау басталды!

Ақмола облысы әкімінің атаулы шәкіртақысын тағайындауға үміткерлер Ақмола облысында тұратын, күндізгі оқу түрінде ақылы білім алатын, студенттер, интерндер, резиденттер, сонымен қатар келесі критерийлерге сәйкес...