Атбасар ауданының полиция бөліміне Атбасар қаласының үш тұрғыны – сауда қызметкерлері жүгінді. Олардың сөзінше, ағымдағы жылдың 10-11 наурызы аралығында белгісіз адам қала дүкендерінен тауарлар үшін ақша аудару туралы жалған чектер көрсетіп, сатып алған. Үш жағдайдың біреуінде ғана ер адам дүкен иесі картаға ақша түскені туралы хабарламаны өз құрылғысында көрмеген соң тауарды сатып ала алмаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қаскүнемнің жеке басы анықталды. Бұрын сотталмаған 26 жастағы жергілікті тұрғын танымал қосымшадан жалған аударма чектерін жасайтын бот тауып алған. Әдетте, ер адам азық-түлік пен темекі өнімдерін осылай «сатып алды» алып жүрген. Барлық үш факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.