Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, «Интернет» желісі арқылы тауарларды сатып алу ыңғайлы тәсілдерінің бірі болып саналады. Алайда, көбінесе сатып алушылар алаяқтыққа және сатушылардың басқа да жосықсыз әрекеттеріне тап болады.
Ағымдағы жылдың 14 наурызында Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғынның өтініші келіп түсті. Әйел интернет желісі арқылы жиһаз бен ыдыс-аяқ сатып алғысы келген.
Өтініш берушінің айғағы бойынша, ол төлем алғаннан кейін онымен байланысқа шығуды тоқтатқан бейтаныс қызға тауарды жеткізуі үшін 362 мың теңге сомасында ақша аударған.
Тергеу-жедел іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. 31 жастағы қаскүнем бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Осындай жағдай Аршалы ауданында да орын алды. Жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, «Колеса» хабарландыру беру сайтында автокөлік сатып алуды көздегенін хабарлады.
23 наурызда белгісіз адам өзін сатушы ретінде көрсетіп, өтініш берушіні оған 950 мың теңге сомасында автокөлік үшін алдын ала төлем жіберуге көндірген. Қолма-қол ақша алғаннан кейін белгісіз адам телефонын өшіріп тастаған.
Екі дерекке қатысты ҚР ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.