Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 46 жастағы ер адам есірткімен байланысты қылмыс үшін сотталып шыққан, алайда оған қарамастан заңсыз «бизнесті» жалғастырған.
Есірткі сатушы арнайы іс-шаралар барысында іс үстінде ұсталды. Ақмола тұрғыны сатып алушыға гашиш есірткі заты бар бес полиэтилен орамасын сатты. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің салмағы шамамен 30 грамм болды, бұл өте үлкен мөлшерге жатады.
Санкцияланған жеке тінту кезінде жедел уәкілдер осы затқа ұқсас тағы 4 орама тәркіледі, сонымен қатар есірткі өткізушінің тұрғылықты жерінен есірткі құралдарын қолдануға арналған құрал табылып, тәркіленді.
Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша полицейлер ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі (есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.