spot_img
spot_img
10.2 C
Kokshetau
ЖаңалықтарОқиғаҚылмысАса ірі көлемде гашиш сатқан Көкшетау тұрғыны ұсталды

Аса ірі көлемде гашиш сатқан Көкшетау тұрғыны ұсталды

-Жарнама -spot_img

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, 46 жастағы ер адам есірткімен байланысты қылмыс үшін сотталып шыққан, алайда оған қарамастан заңсыз «бизнесті» жалғастырған.

Есірткі сатушы арнайы іс-шаралар барысында іс үстінде ұсталды. Ақмола тұрғыны сатып алушыға гашиш есірткі заты бар бес полиэтилен орамасын сатты. Жүргізілген сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткінің салмағы шамамен 30 грамм болды, бұл өте үлкен мөлшерге жатады.

Санкцияланған жеке тінту кезінде жедел уәкілдер осы затқа ұқсас тағы 4 орама тәркіледі, сонымен қатар есірткі өткізушінің тұрғылықты жерінен есірткі құралдарын қолдануға арналған құрал табылып, тәркіленді.

Есірткі заттарын өткізу фактісі бойынша полицейлер ҚР ҚК 297-бабы 1-бөлігі (есірткі құралдарын заңсыз дайындау, қайта өңдеу, өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық істі тергеу жалғасуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Байланысты бол
16,985ФанаттарМаған ұнайды
2,458ОқырмандарОқу
61,453ЖазылушыларЖазылу
Сондай-ақ...оқыңыз
- Жарнама -spot_img
Соңғы жаңалықтар
- Жарнама -spot_img