Воскресенье, 24 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауАқмола облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы сайланды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясы өтті. Оны облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Манарбек Сәдуов ашты. Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындысын жариялай келе, ол сайланған депутаттарға куәліктер мен төсбелгілерді тапсырды, деп хабарлайды Koksheinform облыстық мәслихаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сессия жұмысын жалғастыра отырып, М.Сәдуов отырысқа облыс әкімі Ермек Маржықпаев, оның орынбасарлары, облыстық әкімдік аппаратының, басқармалар мен ведомстволардың басшылары, сайлау комиссиясының мүшелері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысатынын атап өтті. Бейнеконференцбайланыс режимінде сессия жұмысына қалалар мен аудандардың әкімдері, сондай-ақ мәслихат төрағалыры қосылды.

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы болып «AMANAT» партиясының мүшесі Бейбіт Жүсіпов сайланды. Бейбіт Айтымұлы өз сөзінде депутат-әріптестеріне көрсеткен сенімі үшін алғыс айтып, облыстық мәслихаттың сегізінші шақырылымының жұмысы жемісті болатынына және сайлаушылардың барлық өтініштерін орындауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, сессия барысында Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары құрылып, олардың төрағалары мен құрамдары сайланды.  Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Марат Қойшыбаев сайланды, әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияны Айнагүл  Балташева басқаратын болды.    Депутаттық этика, заңдылық, экология және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Павел Безвербный сайланды. Аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі комиссияны Саят Сыздықов басқарады.

Облыстық мәслихатта көпшілік (32-ден 26) орынға ие болған «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы тіркелді.

Мәслихаттың кезекті екінші сессиясына 2022 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы мәселені енгізу ұсынылды.

Сессия соңында сөз Ақмола облысының әкімі Е. Маржықпаевқа берілді. Ермек Боранбайұлы депутаттарды құттықтап, өңірдің өзекті мәселелерін шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас орнатуға шақырды. Өңір басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне қысқаша тоқталып, депутаттық корпуспен бірлесіп шешілетін бірқатар бірінші кезектегі міндеттерді атап өтті.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...