Сот үкімімен Көкшетау қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «Т.» және «К.» алаяқтық жасауға оқталғаны үшін сотталып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылумен, әрқайсысына 3 000 000 теңге айыппұл тағайындалды. Оған қоса, кінәлілер аға лейтенант және азаматтық қорғаныс капитаны арнайы атақтарынан айырылды.
Сотта, ТЖ басқармасының аға инженерлері «Т.» және «К.» қолында тиісті материалдары болмай, қоқыстың өртенуі болған оқиға орнына бармай, ЖШС-і басшысына әкімшілік жазаның айыппұл сомасының жартысын оларға берген жағдайда жауапкершіліктен құтылуды ұсынғаны анықталды.
ЖШС-нің басшысы қызметкерлердің әрекеттері заңсыз екенін түсініп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жүгінді. Нәтижесінде, олар 200 000 теңге сомасында ақша алған кезде ұсталды.
Осылайша, «Т.» және «К.» ауыр қылмыстық дәрежеде құқық бұзушылық жасады — алаяқтыққа әрекет (ҚК 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі).
Сотталғандар кінәсін мойындап, істегендеріне өкінді. Олардың кінәсі куәгерлердің, жәбірленушінің айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарымен, сот сараптамаларының қорытындыларымен расталды.
Жәбірленушіге келтірілген залал толық өтелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты.