Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau
15 C
Nur-Sultan
15 C
Almaty
ЖаңалықтарОқиғаСотАқмола облысында жұмыс беруші қызметкердің өліміне кінәлі деп танылды

Ақмола облысында жұмыс беруші қызметкердің өліміне кінәлі деп танылды

2022 жылдың қыркүйегінде Целиноград ауданы Қоянды ауылында жазатайым оқиға орын алған. Су құбыры желілеріне қызмет көрсету бойынша жұмысшы «Д.» күкіртті сутектен қатты уланудан құдықта қайтыс болды.

Осы оқиғаға байланысты Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы жанында құрылған комиссия арнайы тергеп-тексеру жүргізді.

Актіге сәйкес, жазатайым оқиғаның себебі – жұмыстарды жүргізудің ұйымдастыруы қанағаттандырусыз, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша персоналға жұмыс уақытынан тыс бақылау тиісінше емес, басшының тапсырмасысыз және жұмыс уақытынан тыс жұмыстарды жүргізуде жәбірленушінің өзімен өрескел бұзушылық.

Комиссияның тұжырымдамасы: соңы өлімге алып келген өндірісте болған жазатайым оқиға. Жұмыскердің кінәсінің дәрежесі – 70%, басшының – 30%.
Қаза тапқан жұмысшының зайыбы жұмыс беруші оның жұбайының өліміне 100% кінәлі деп санап, Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына қатысты жазатайым оқиғаның актісін заңсыз деп тану туралы талабымен сотқа жүгінді.

Сотпен келесі анықталды:

– «Д.» еңбек міндеттерін орындаған кезде арнайы киіммен, аяқ киіммен,
жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілмегені еңбек заңнамасы, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты өрескел бұзу болып табылады.

– Жұмысшының өз бастамасы бойынша, түскі ас уақытында үйді іске қосқаны туралы фактілер куәлардың айғақтарымен жоққа шығарылды.

– Куәлардан жауап алу хаттамаларына кәсіпорынның заңгерімен қол қойылмаған.

– Арнайы жабдықтармен – газ талдағыштар, газды сигнализаторлар, шамдар, желдеткіштер, газқағарлар және басқа да қорғаныс құралдары еңбек қызметі барысында қолданылмаған.

Осы мән-жайлар жұмыскерлерді қауіпсіз еңбек үшін жағдайлармен қамтамасыз ету бойынша міндеттерді жұмыс берушімен тиісінше орындалмауын білдіреді.

Сотпен жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру актісі заңсыз деп танылып, азаматша «Д»-ның (қаза тапқан адамның зайыбы) Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасына қатысты талабы қанағаттандырылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақмола облысы Көкшетау қалалық соты.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...