Щучинск қаласының кәсіпкері алты айдан астам уақыт бойы «Көкшетау Жылу» коммуналдық кәсіпорнына жеткізілген кеңсе тауарларының толық төлемақысын ала алмаған, деп хабарлайды Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметінен.
Ол мәселесін шешу үшін облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне жүгінді.
Жылумен жабдықтаушы ұйым жеке кәсіпкермен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны белгілі болды. Тауар толық көлемде жеткізілгенімен, тапсырыс беруші 109 274 теңге сомасында қаражатын төлеуге асықпады.
Департамент уәкілетті органдарға ұсынымдар жібергеннен кейін кәсіпорын ЖК-ға жеткізілген тауар үшін ақшалай қаражат төледі.