Вторник, 17 сентября, 2024
ЖаңалықтарAMANAT«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды

«AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы тағайындалды

Партияның Орталық аппаратының келісімі бойынша «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының атқарушы хатшысы лауазымына Берген Маратұлы Беспалинов тағайындалды, деп хабарлайды Koksheinform партия филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берген Маратұлы 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

2001 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Саясаттанушы» мамандығы бойынша, 2004 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Заңгер» мамандығы бойынша  бітірген.

Мемлекеттік қызмет саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің  Ақмола, Қостанай облыстары бойынша департаментінің басшысы — Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметтерін атқарды.

Партиялық қызметке дейінгі еңбек жолында ҚР Мемлекеттік қызмет Агенттігінің әкімшілік департаментін басқарды.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Степногорск қаласының прокуратурасы 40 млн теңгені жымқыру фактісін анықтады

Қала прокуратурасы мемлекеттік мекеме бухгалтерінің қаражатты ұрлау фактісін анықтады. Бухгалтер екі жыл бойы депозиттік шоттың ақшалай қаражатын мақсатсыз жұмсаған және мемлекеттік сатып алудың қатысушы болып...

Щучинск қаласында 12 жастағы қыз бесінші қабаттың терезесінен құлады

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, терезеден құлаған қыз ауруханаға жатқызылған. «Бурабай ауданының полиция бөлімі оқиғаның ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде Щучинск қаласында болғанын хабарлайды. Алдын-ала...

«IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушылары үшін адалдық сағаты өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаменті «Адалдық сағаты» республикалық акциясы аясында «IQanat High School of Burabay» мектебінің оқушыларымен кеңес өткізді. Кездесу барысында облыстық...

Әдеп жөніндегі кеңес мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғайды

Ақмола облысында Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым салуға байланысты...

Ақкөл ауданында сүт-тауарлы фермасы ашылады

Ақкөл ауданында стратегиялық маңызы бар жоба жүзеге асырылуда – құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 900 басқа арналған жаңа тауарлы сүт ферманың құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта...