Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМәдениетКөкшетауда Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай конференция өтті

Көкшетауда Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай конференция өтті

Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні (International Day for Monuments and Sites) әлемде жыл сайын 18 сәуірде «Біздің тарихи Отанымызды сақтайық» ұранымен атап өтіледі.

Дүниежүзілік мұра күні деп те аталатын бұл күнді 1982 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған ескерткіштер мен көрікті жерлерді қорғау жөніндегі халықаралық кеңестің (ICOMOS) Ассамблеясы белгілеген.

Мереке 1984 жылдан бастап қоғамның назарын дүниежүзілік мәдени мұраны қорғау және сақтау мәселелеріне аудару мақсатында аталып келеді. Сондай-ақ, ол әлемдік мұраның алуан түрлілігі мен оны қорғау және сақтау үшін қолданылатын күштер туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.

Бай ұлттық тарихи-мәдени мұраны сақтау міндеті бүгінгі күні мемлекеттік органдар мен ғалым-тарихшылар үшін ғана емес, сондай-ақ қалың жұртшылық үшін де өзекті және маңызды міндет болып табылады.

Бұл, ең алдымен, жаһанданудың жүріп жатқан процестерімен, тарихи бірегейлікті іздеумен, тамырларға, бастауларға қызығушылықпен байланысты. Әрине, бұған мемлекет тарапынан ұлттық тарихты жандандыруға мақсатты түрде көңіл бөлу ықпал етеді.

2023 жылдың 18 сәуір күні  «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы»  КММ-сі  – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар   күніне арналған «Ескерткіштер – мәдени мұраның мәйегі»  атты облыстық конференциясын өткізеді.

Ғылыми-практикалық конференцияда тарихшы ғалымдар,  Ш.Уәлиханов,           А. Мырзахметов атындағы Көкшетау  университеттерінің оқытушылары     зерттеуші-өлкетанушылар, археологтар  және т. б. сөз сөйлейді.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Б.Амренованың алғыс хатымен Сейтқасымов Аманай Асылбайұлы,   Салық  Гүлбаршын  Дәкенқызы, Байдусенов Ерлан Рашитұлы, Косович Павел Владимирович, Нурсеитов Талғат Олжабайұлы, Уалиев Талапкер Аскарович, Кенжебек Дінмұхаммед Қанатбекұлы, Абилькадыров Арман Баянұлы, Ескендиров Қанат Зиятұлы, Дүйсенбай Данияр Болатбекұлы,  Тлеугабылов Данияр Төлегенұлы марапатталды.

Іс-шараға «Kókshe» аймақтық теледидары, облыстық «Арқа ажары» , «Акмолинская правда» газеттерінің, қалалық «Көкшетау», «Бұқпа», «Көкшетау сегодня» газеттерінің журналистері шақырылды.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...