Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau
18 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамСпортАқмолалық полицейлер қазақ күресінен ел чемпионатында жеңіске жетті

Ақмолалық полицейлер қазақ күресінен ел чемпионатында жеңіске жетті

Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, департамент бастығы Думан Таев 20-22 сәуір аралығында Петропавл қаласында Қазақ күресі бойынша өткен «Динамо» орталық кеңесінің және ҚР ІІМ чемпионатында жеңіске жеткен тәртіп сақшыларын марапаттады.

Жарысқа еліміздің әр өңірінен 30-дан астам команда қатысты. Ақмола облысы полиция департаментінің құрама командасының сапында Нұрлан Жамалов, Әсет Жүнісов, Еламан Қайыргелдинов, Ержан Ғаббасов, Серікбай Сәпиев және Нұржан Гилмеденов сияқты танымал спортшылар болды.

Боз кілемге шыққан ақмолалық палуандар үздік нәтиже көрсетіп, алғаш рет ҚР ІІМ чемпионы атағына ие болды.

Сонымен бірге, 21 сәуірде Павлодар қаласында «Алтын Мерген 2023» снайпингінен жарыс өтті. Онда да ақмолалық тәртіп сақшылары Елжас Мәдібаев пен Виталий Ғизатуллин жартылай автоматтан оқ атуда екінші және үшінші орындарды иеленді.

Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Думан Таев спорттық жарыстарда жеңіс тұғырынан көрінген әріптестерін құттықтап, жаңа спорттық жетістіктер тіледі.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...