Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетаудың қақ ортасындағы қоқыс пен қамыс - фоторепортаж

Көкшетаудың қақ ортасындағы қоқыс пен қамыс — фоторепортаж

Көкшетаудың қай бұрышына барсаң да, шашылып жатқан қоқысты көресін. Көше бойы да, көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы да, жеке сектор айналасы да қоқысқа толы. Тау болып үйілген қоқысты көргенде иесіз қала ма деп қаласын.

Фото: Центральный шағынауданында заңсыз бей-берекет төгілген күл-қоқыс.

Қала басшылығы мұны тарифтің төмендігі және тұрғындардың тазалыққа қырын қарауымен байланыстырады. Әйтсе де, қаланың орталығында жаңа салынған тұрғын үйлердің тау болып үйілген қоқыс пен адам бойынан асатын қамыстың қоршауында қалып отырағанын ешкім жоққа шығара алмайды.

Фото: Центральный шағынауданында күл-қоқыстан төбесі қылтиып тұрған «Жансая» тұрғын үй кешені.

Көкшетаулықтар бұған қала тазалығына жауапты коммуналдық кәсіпорын да, қала тұрғындары да кінәлі емес екенін айтуда. Редакциямызға хат жазған Центральный шағынауданы тұрғындарының айтуынша, қаланың ластануына қала басшылығының жауапсыздығы, жұмысқа деген салғырттығы себеп болып отырған көрінеді.

«Осыдан бірер жыл бұрын «Собачий хутор» арқылы өтетін Ғабдуллин көшесі «Шах» дәмханасы тұсынан Абылай хан көшесін қиып, Центральный шағынауданы арқылы Жансая тұрғын үй кешеніне дейін жалғасады деген еді. Содан бері біраз жылдың жүзі болды, әлі көшенің салынатын түрі жоқ. Керісінше, көше салынатын аумақты қаланың құрылыс компаниялары қоқыс алаңына айналдарып жіберді. Осының салдарынан еріген қар мен жаңбырдың суы өзінің табиғи ағысын жоғалтып, тұрғын үйлердің ауласына жиналуда. Бұл әрине, тұрғындардың жүріп, тұруына үлкен кедергі келтіріп отыр. Екінші жағынан қалаға экологиялық қауп төндіруде. Жаздыгүні қоқыстың арасынан шығатын жағымсыз иістің қолқаны қапқаны бір бөлек, үйдің ауласына дейін қуалап өскен, адам бойынан асатын құрғақ қамыс өртенсе түтінге тұншығамыз», — дейді Центральный шағынауданының тұрғыны Бауыржан Әлібек.

PS: Көкшетаудың орталығын осылай күл — қоқыс төгетін орынға айдалдыру әрине, қала әкімі Бауыржан Ғайсаға үлкен сын. Көзге түрпідей тиіп, қала тұрғындарына қолайсыздық келтіріп отырған осы мәселені облыс және қала басшылығы тез арада шешеді деп үміттенеміз.

Фото: Центральный шағынауданында күл-қоқыстың ортасына салынып жатқан 10 қабатты тұрғын.
Фото: Центральный шағын ауданына экологиялық зиян келтіріп отырған белгісіз зауыт.
Фото: Центральный шағынауданында қамыс пен топырақ үйіндісінің қоршауында қалған «Достық» тұрғын үй кешені.
Фото: Центральный шағынауданында күл-қоқысқа айналған күре жол.

 

Фото: Центральный шағынауданында тау болып үйілген қатты-тұрмыстық қалдықтар.
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді. Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға...

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...