Жәрмеңкеге Аршалы, Астрахан, Бұланды, Жарқайың, Жақсы, Егіндікөл, Есіл, Ерейментау, Қорғалжын аудандары мен Көкшетау қаласынан барлығы 80-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және «Көкше» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы жалпы құны 74 миллион теңге болатын 71 тоннаға жуық өнім әкелді.
Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз арзанға сатылды. Соның ішінде 18,5 тонна ет және шұжық өнімі, 2 тонна балық, 3,7 тонна сүт және сүт өнімі, 140 дана жұмыртқа, 2,9 тонна ұн, 16 тонна картоп пен көкөніс және өзге де өнімдер бар.