Сенбі, Шілде 27, 2024
21.2 C
Kokshetau
25 C
Nur-Sultan
34 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетаулықтар әкімнен жолдың үстінде тұрған «тауық қорасын» алуды сұрайды

Көкшетаулықтар әкімнен жолдың үстінде тұрған «тауық қорасын» алуды сұрайды

Көкшетау қаласының Көктем шағынауданында Кеңес одағының батыры Мәлік Ғабдуллин көшесінің сұрқын бұзып тұрған «тауық қорасынан» қашан құтыламыз? Бұл туралы редакциямызға қала тұрғыны хабарласып, жергілікті әкімдікке деген өкпе назын жеткізді, деп хабарлайды Koksheinform.kz.

Тұрғынның айтуынша, «Аida» дүкенін сол маңда тұратын адамдар «тауық қорасы» деп атайды екен. Расымен де жаңа шағын ауданда, зәулім ғимараттардың алдындағы күре жолдың бойында, велосипед жолының үстінде орналасқан дүкенді анадайдан «тауық қорасы» ма деп қаласын.

«Заңы жоқ, тәртібі жоқ, мәдениеті жоқ бір шет елде тұрып жатқандаймыз. Жолдың ортасында төрт бұрышты жәшік сияқты бірдемені қойған, бірде ашық, бірде жабық тұрады. Азық-түлік сатады ма, әлде басқа бірдеме сатады ма, бір Алла біледі. Көрген адамға «Аida» деген атауының өзі түсініксіз жазылған. Жемістің суретін көріп, «ее, дүкен бе?» деп ойласын. Сыртында «SHOP» деген ағылшынша жазудан басқа ештеме жоқ, мемлекеттік тілде де, ресми тілде де мүлдем атауы көрсетілмеген. Қай күндері жұмыс істейтіндігі, нешеде ашылып, нешеде жабылатыны ол да жоқ. Кейбір дүкендерде өрт қауіпсіздігі инспекторы мен учаскелік полиция инспекторының телефондары тұрушы еді. Мұнда оны да көрмейсін. Санитарлық тазалығын да тексеріп жатқан мемлекеттік орган жоқ. Аңда санда дүкеннің сыртында егеуқұйрық қуып жүрген балаларды көресін. Еліміздің көптеген қалаларында заңсыз салынған зәулім ғимараттарды әкімдік жермен жексен етіп, сырып жатыр. Ал, біздегілер болса, мына «тауық қорасының» маңына мүлдем жолай алмайды. Сонда бір дөкей иесі немесе бір киесі бар ма деп ойлайсын. Егер заңды түрде салған болса, онда жолдың ортасына салуға рұқсат қай заңда қарастырылған екен?! Осыны қала басшылығы білмейді, көрмейді емес, көріп те, біліп те жүр. Бірақ бір әрекет жасамай отырғаны жаныңа қатты батады», – деп ренішін жеткізді қала тұрғыны Алмас Бейсенбаев.

Оқырман хатын міндетті түрде қала әкімдігіне жолдаймыз. Әкімдік жауабын алдағы уақытта сайтымыздан оқи аласыздар.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...