Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы мамырдың 26-да Ақкөл аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын хабарласып, бірге тұратын 38 жастағы әйелдің жоғалғанын айтқан. Оның сөзінше, әйел бір күн бұрын таңғы сағат 08:00 шамасында балаларды мектепке апаруға кетіп, қайтып оралмағанын хабарлады.
Хабарлама түскен бойда жоғалған ауыл тұрғынын іздеуге полиция бөлімінің жеке құрамы бірден бағытталды. Тәртіп сақшылары әйел баруы мүмкін барлық жерлерді тексеріп, оның таныстары мен туыстарынан сұрақтарға жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында іздестіру топтарының бірі әйелдің бағытын анықтай алды.
Нәтижесінде, жоғалған әйелді полиция қызметкерлері аудан орталығының көпірлерінің бірінің астынан тапты. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық жағдайлары анықталуда. Полицейлер ауыл тұрғынымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оны туыстарына тапсырды.