Суббота, 23 ноября, 2024
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акция өтті

Көкшетауда мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акция өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгін ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Ақмола облысында құрметті тұрғындардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың және облыс жастарының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Патриоттық акция мемлекеттік әнұранды жанды дауыспен орындаудан басталды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде халықтың тәуелсіздік туралы сан ғасырлық арманының бейнесі ретінде ел рәміздерінің маңыздылығын атап өтті.

«31 жыл бұрын біздің еліміз мемлекеттік рәміздерді қабылдады және бұл күн жас егемен мемлекеттің маңызды оқиғаларының біріне айналды. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, және Мемлекеттік Әнұран — бұл кез-келген мемлекеттің өзіндік ерекшелігін, саяси тәуелсіздігі мен егемендігін бейнелейтін ажырамас атрибуттары, онда Отанға қызмет етудің жоғары мұраттары, халықтың тарихи тамыры мен дәстүрлерін құрметтеу жатыр», — деп атап өтті аймақ басшысы.

Акция барысында «Жыл патриоттары» сыйлығының номинанттарын марапаттау рәсімі өтті. Олар 20 ақмолалық, батырлар, еріктілер және халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары болды.

Олардың ішінде сегіз жасар Ахмет Лейла, Қосшы қаласындағы «Дара» бизнес академиясының оқушысы, Афинадағы «WADA – 2023» Ашық әлем чемпионатының жеңімпазы, Мәскеудегі Халықаралық би олимпиадасының лауреаты, акробатикалық биден Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері.

«Мен өз елімді өте жақсы көремін және оны Афина мен Мәскеуде таныстыру мәртебе болды», — деді Ахмет Лейла.

Іс-шара облыстық мәдениет мекемелерінің вокалистері дайындаған концерттік нөмірлермен жалғасты.

 

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...

Ақмола облысында қызметтік автокөлікті қызметтік емес мақсатта пайдаланудың 21 фактісі анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдардың қызметтік автокөлікті жеке мақсатта пайдалануға тыйым...