Сенбі, Шілде 27, 2024
15.2 C
Kokshetau
14 C
Nur-Sultan
24 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауКөкшетауда мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акция өтті

Көкшетауда мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық акция өтті

Бүгін ҚР Мемлекеттік рәміздері күніне орай Ақмола облысында құрметті тұрғындардың, жұртшылықтың, үкіметтік емес ұйымдардың және облыс жастарының қатысуымен салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Патриоттық акция мемлекеттік әнұранды жанды дауыспен орындаудан басталды.

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев құттықтау сөзінде халықтың тәуелсіздік туралы сан ғасырлық арманының бейнесі ретінде ел рәміздерінің маңыздылығын атап өтті.

«31 жыл бұрын біздің еліміз мемлекеттік рәміздерді қабылдады және бұл күн жас егемен мемлекеттің маңызды оқиғаларының біріне айналды. Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, және Мемлекеттік Әнұран – бұл кез-келген мемлекеттің өзіндік ерекшелігін, саяси тәуелсіздігі мен егемендігін бейнелейтін ажырамас атрибуттары, онда Отанға қызмет етудің жоғары мұраттары, халықтың тарихи тамыры мен дәстүрлерін құрметтеу жатыр», – деп атап өтті аймақ басшысы.

Акция барысында «Жыл патриоттары» сыйлығының номинанттарын марапаттау рәсімі өтті. Олар 20 ақмолалық, батырлар, еріктілер және халықаралық ғылыми, мәдени және спорттық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпаздары болды.

Олардың ішінде сегіз жасар Ахмет Лейла, Қосшы қаласындағы «Дара» бизнес академиясының оқушысы, Афинадағы «WADA – 2023» Ашық әлем чемпионатының жеңімпазы, Мәскеудегі Халықаралық би олимпиадасының лауреаты, акробатикалық биден Қазақстан Республикасы чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері.

«Мен өз елімді өте жақсы көремін және оны Афина мен Мәскеуде таныстыру мәртебе болды», – деді Ахмет Лейла.

Іс-шара облыстық мәдениет мекемелерінің вокалистері дайындаған концерттік нөмірлермен жалғасты.

 

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған Қостанайдың Бас имамы ұсталды

Қостанайдың Бас имамы Бурабайда мас күйінде көлігін айдаған сәтінде ұсталды. Полиция мас имамның үстінен әкімшілік хаттама толтырып, 15 тәулікке қамады. Имам Бурабайдың көрікті жерлерінде...

Бурабайда Қазақстанда баламасы жоқ мультимедиалық интерактивті кешен ашылды

Бурабай курортындағы Абылай хан алаңында қайта жаңартудан кейін мультимедиалық интерактивті кешеннің (МИК) салтанатты ашылуы өтті. Қайта жаңарту мақсаттарының бірі - Мемлекет басшысының туризмді дамыту жөніндегі...

Жас маман – еліміздің шамшырағы!

Қоғамда өз ісіне берік, ақыл парасаты мол жас мамандар баршылық. Ел Президентіміз «Болашақ жастардың қолында» деп үнемі айтып, бүгінде жастарға барынша мемлекет тарапынан қолдау...

Жарқайың ауданының әкіміне қатаң сөгіс жарияланды

Жарқайың ауданының әкімі Жанболат Хамитовке Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың су тасқынының салдарын жою жөніндегі бірқатар тапсырмаларын тиісінше орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Жарқайың ауданының...

Қала көшелерінде егеуқұйрық және антисанитария: Ерейментау ауданының әкімі қатаң сөгіс алды

«Ерейментау ауданының әкімі Нұрлан Мұқатовқа қоқыс шығару бойынша жұмыстың тиісті деңгейінде жүргізілмегені үшін қатаң сөгіс жарияланды», - деп хабарлайды Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Аудан...