Бүгінгі таңда Ақмола облысында мемлекеттік қызметшілерді тұрақты оқытуға ерекше көңіл бөлінеді. Оқу процесін ұйымдастыру барысында оқытудың жаңа белсенді формалары мен әдістері қолданылады.
2023 жылдың І жартыжылдығында жергілікті атқарушы органдардың оқытылуға жататын мемлекеттік қызметшілерінің 62% оқытылды. Олардың ішінде 397-сі біліктілікті арттыру курстарынан, 122-сі қайта даярлаудан өтті.
Сонымен қатар сынақ мерзімінен өтуге және тәлімгерлікпен қамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған 65 адам тәлімгерлікпен қамтылды, 44 адам сынақ мерзімінен сәтті өтті. 108 мемлекеттік қызметші тағылымдамадан өтті.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалымен бірлесіп мемлекеттік қызметшілерді тиімді оқытудың жаңа тетіктерін қабылдауға бағытталған іс-шаралар өткізеді.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі