ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен 2023 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы жасалды. Мемлекеттік аппараттың кадрлық жай-күйіне жүргізілген мониторинг мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамының жақсарғанын көрсетіп отыр.
Қызметшілердің шамамен 30% — 35 жасқа дейінгі жас мамандар. Мемлекеттік қызметшілердің 89,5% жоғары білімге, 18,2% екі не одан артық жоғары білімге ие.
Гендерлік саясат сәтті іске асырылуда — қызметшілердің 1922-сі немесе 64,4% әйелдер. Жалпы, мемлекеттік қызметте басқарушы лауазымдарда 438 әйел қызмет етеді. Бұл көрсеткіш жалпы басшылық құрамның 44,1%-ын құрайды.
Мемлекеттік қызметтегі басшылық құрамдағы әйелдердің үлесі:
- облыстық басқармалардың басшылары – 10%;
- қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары – 16,6%;
- дербес бөлімдердің басшылары – 49,1%;
- ауыл әкімдері – 17,5%.
Қызметшілердің мансаптық өсуі де оң қарқынға ие: ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметшілерінің 84% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.
Сондай-ақ, соңғы 3 жылда жүйеден шығарылған адамдардың саны азайып келеді. Қазіргі уақытта таза ауысымдылық 0,5% құрады.
Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі