Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ВОЛОНТЕРЛІК» жобасының еріктісі болуға шақырады.
Жобаның мақсаты — белсенді азаматтарды, қоғамдық бірлестіктерді, жеке және квазимемлекеттік сектор субъектілерін, сондай-ақ басқа да ұйымдарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға ерікті ретінде тарту болып табылады.
Жоба аясында сіз келесі бағыттар арқылы жемқорлыққа қарсы күресте көмек көрсете аласыз:
— Қоғамдық бақылау;
— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеу және ағарту;
— Pro bono волонтерлік (кәсіби көмек көрсету);
— Корпоративтік еріктілік.
Біз бірге қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, сондай-ақ жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептерді және олардың салдарын жою бойынша жұмыс істейтін боламыз.
Жобаға қатысу үшін Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне хабарласу қажет.
Мекен-жайымыз: Көкшетау қ., Н.Назарбаев даңғылы, 71/1
Эл.пошта: akmobl@antikor.gov.kz
Тел: 8(7162)296624, 8-707-573-65-30, 8-707-655-57-85