Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau
12 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
ЖаңалықтарӨңірлерКөкшетауЕңбегіне қарай өнбегі…

Еңбегіне қарай өнбегі…

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ «Еңбек адамы» жобасы бойынша «Гормолзавод» ЖШС барып, еңбек адамдарымен кездесті.

Бүгінде  еңбегі еленіп, қоғам ортасында көзге түсіп жүрген кәсіпкер азаматтар аз емес. Біздің айтпағымыз, сүт өнімдерін өндіріп, елге танылып жүрген еңбек адамдары «Гормолзавод» ЖШС ұжымының жұмысшылары.

Осы орайда, Орталық мамандары аталмыш заводтың жай-күйімен танысып, еңбек адамдарымен сұхбат жүргізді.

Елімізге әйгілі «Гормолзавод» ЖШС деп аталатын заводтың тарихы сонау 1965 жылдан бастау алған болатын. Осы жылдар арасында  бірқатар қиындықтардан өтіп, қаламыздағы ірі өндіріс орындарының біріне айналып отыр.

Аталмыш заводтың дамып-өркендеуіне, ірі өндіріс орнына айналуына алғашқылардың бірі – өзінің адал еңбегін ел игілігіне арнап, кәсібін бастап, өндіріс жұмыстарын жандандырған Дулат Жақсылықов болатын. Ол өзінің іскерлігі және кәсіби біліктілігімен «Гормолзавод» ЖШС біраз жылдар бойы басшылық еткен қарапайым кәсіп адамы.

Осынау отбасылық игі дәстүрді ұлдары жалғастырып келеді. Атап айтар болсақ, қазіргі директор Ерсайын Жақсылықов заводты заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, халықтың күнделікті тұтынуға қажетті сүт өнімдерінің түр-түрін ұсынуда.

«Жас келсе, іске…» дегендей білек сыбана кіріскен кәсіпкер, елімізбен және алыс-жақын елдермен тығыз қарым-қатынас орнатып, сүт өнімдері арқылы еліміздің экономикасының дамуына зор үлесін қосып отыр.

Атап айтсақ, «Гормолзавод» ЖШС ұжымы сүт өнімдерінің сапалық көрсеткіші жағынан бірнеше дүркін жеңімпаз атанып, жүлделі орындарды иеленді. Сондай-ақ, бірқатар сертификаттар және алғыс хаттармен марапатталған өндіріс орны.

Биылғы жылғы Алматы қаласында өткен отандық өндірушілердің «Ulttyq Ónim» көрмесіне қатысқан 100-ден астам компанияның арасында  «Үздік балмұздақ», «Үздік құрт» номинациясы бойынша «Гормолзавод» ЖШС «Халық тандауы» сыйлығына ие болды.

Кездесу барысында «Гормолзавод» ЖШС өндіріс бөлімінің басшысы Григорий Гаража сүт өнімдерінің өндірілу туралы айтып, аталмыш өнімдердің түрлерімен таныстырды. Сонымен қатар,  қышқыл  сүт өнімдері цехының лаборанты, жас маман  Райхангүл  Ерғалиева өзінің атқарып жатқан қызметі туралы айтып, шығарылатын өнімдердің сапасына тоқталды.

Сұхбат барысында «Гормолзавод» ЖШС директоры Ерсайын Дулатұлы заводтың жай-күйі мен әл-ауқаты, өндіріс орындағы жұмысшылардың іскерлігі туралы, сондай-ақ болашақтағы жоспарлары туралы айтып берді.

Кәсіпкер өз сөзін «Дамудың даңғыл жолындағы біздің өндірісте автоматтандыру барысы қарқынды жүргізіліп отыр. Ол уақытымызды үнемдеп, сапалы жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Еліміздің халыққа қажетті өнім шығаруда бізге жүктелген қызметті ерекше сезініп, әр ісімізді адал, әрі кәсіби атқаруға бар күш жігерімізді саламыз», – деп қорытындылады.

Бүгінде ел игілігіне қызмет етіп, тұтынушылардың көңілдерінен шығып отырған «Гормолзавод» ЖШС ұжымына толағай табыс, игі істеріне сәттілік тілейміз!

«Қоғамдық даму орталығы» КММ.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...