Вторник, 26 ноября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмолалықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлікке қосылды

Ақмолалықтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлікке қосылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында қоғамдық ұйымдар мен заң саласының өкілдеріне ағымдағы жылдың тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен басталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобасы таныстырылды.

Жобаның мақсаты — қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер және білім беру, қоғамдық бақылау, рro bono еріктілік (кәсіби көмек көрсету), сондай-ақ корпоративтік еріктілік сияқты бағыттар бойынша ерікті ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке тарту. Айта кететін жайт, бұл бағыттар мен іс-шаралар толық емес.

Атап айтқанда, азаматтар мемлекеттік сатып алу порталына, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігіне, өңірдің проблемалық мәселелеріне, жұмыстардың тиісті сапасы жоқ объектілерге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануға, ұлттық жобаларды іске асыруға және т.б. мониторингтер жүргізу арқылы қоғамдық бақылауды жүзеге асыра алады.

«Antikor ortalyǵy» алаңында өткен кездесу барысында «Әділдік жолы» РҚБ және «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» филиалдарының басшылары Ерлаз Жайықбаев пен Игорь Плюснин түрлі салаларда қоғамдық мониторинг жүргізу туралы айтып берді.

Спикерлер мемлекеттік сатып алу саласы мен бюджет қаражатын пайдалану тиімділігіне мониторинг жүргізудің практикалық тәжірибесімен егжей-тегжейлі бөлісті, сондай-ақ басқа еріктілерге әдіснамалық көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин кездесуге қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымдары үшін алғысын білдіріп, оларды одан әрі сындарлы ынтымақтастыққа шақырды.

«Жұртшылық пен азаматтардың белсенді қатысуынсыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың пайдасы жоқ екенін бәрі біледі. Сондықтан бұл іске мүмкіндігінше бей-жай қарамайтын адамдарды тарту өте маңызды. Бірлескен жұмыстың арқасында біз қоғамда кез келген құқық бұзушылыққа шын мәнінде нөлдік төзімділікке қол жеткізе аламыз және әртүрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоя аламыз. Біздің еріктілермен, оның ішінде салалық сарапшылармен, заңгерлермен және жастармен тұрақты және жоспарлы өзара іс — қимыл өз жемісін беретініне сенімдімін», — деп атап өтті Айдос Жақиялин.

Кездесу қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде еріктілік ынтымақтастықты ұйымдастыру жөнінде пікір алмасуға және ұсыныстар айтуға мүмкіндік берді. Атап айтқанда, жобаны іске асыру жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспар-кестесін әзірлеу ұсынылды.

Айта кетейік, кез келген адам жобаға ерікті бола алады, ол үшін Көкшетау қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 71/1, эл пошта akmobl@antikor.gov.kz, тел.: 8 (7162) 29 65 15 мекенжайы бойынша өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне хабарласу қажет.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...