Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Көкшетау қаласының Достық үйінің қабырғасында ҚР Конституциясы күніне арналған дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараны Дін істері басқармасы ІСБ жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен ұйымдастырды.
Дөңгелек үстел барысында Департаменттің превенция басқармасы басшысының орынбасары Абай Жаналинов қатысушыларды мерекемен құттықтап, діни бірлестіктердің өкілдеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы соңғы заңнамалық түзетулер туралы айтып берді. Сондай-ақ, спикер ағымдағы жылдың тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен басталған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы туралы хабардар етті.
Абай Жаналинов атап өткендей, діни және этномәдени бірлестіктердің қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудағы рөлі баға жетпес. Адамгершілік және рухани даму арқылы адам сыбайлас жемқорлыққа төзбейтін болады. Қоғамның мәдени құндылықтарын нығайтуда діни қызметкерлердің жоғары адамгершілігі мен беделі көмектесуі керек.
Өз сөзінде Дін істері басқармасының басшысы Алмаз Мұқажанов Конституция – мемлекеттің Ата заңы, елдегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі, елдің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы екендігіне назар аударды. Конституция — басқа заңдардың мазмұны мен мағынасын анықтайтын құқықтық жүйенің өзегі. Сондықтан Конституция Күні ең маңызды мемлекеттік мереке болып саналады.
«Насихат» консультативтік-оңалту орталығының директоры Диас Байжігітов ҚР Конституциясы қоғамдағы діни тұрақтылықты қолдайтынын, ал діни тұрақтылық ел дамуының кепілі екенін атап өтті.
Соңында қатысушылар пікірлерімен және ұсыныстарымен алмасты.