Степногорск қаласы мектебінің бас есепшісі «О.», мектеп директорының ЭЦҚ кілтін пайдалана отырып, өзіне артық жалақыны заңсыз есептеп, 36 млн. теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұрлаған.
2022 жылдың сәуірінен 2023 жылдың наурызына дейін «О.» мекеменің шотынан өзінің банктік шотына қаражатты аударып отырған.
Осылайша, «О.» қызметтік бабын пайдалана отырып, аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады (Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).
Сотта «О.» кінәсін толық мойындады. Сонымен қатар, оның кінәсі сот-экономикалық сараптаманың қорытындысымен, «О.»-ның ұялы телефонын қарау, куәгерлерден, мамандардан жауап алу хаттамаларымен, «О.»-ның шоттары бойынша банктік үзінділермен расталды.
Сот үкімімен «О.»-ға материалдық жауапкершілікке байланысты қызметпен айналысу құқығынан айырумен, 5 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды. Сотталған адамнан келтірілген материалдық залал өндірілді.
Сотталушының асырауында төрт жас баласы бар екенін ескере отырып, сот, ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігін негізге ала, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындауды оның баласы 14 жасқа толғанға дейін кейінге қалдырды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысы Степногорск қалалық соты.