Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
17.2 C
Kokshetau
16 C
Nur-Sultan
13 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмолалық Антикордың басшысы Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

Ақмолалық Антикордың басшысы Халықаралық ғылыми конференцияға қатысты

Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Асхат Оразхан Қазақстан Республикасы күніне арналған «Егеменділік Декларациясы: тәуелсіздіктің қайнар көздері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Жыл сайынғы іс-шараның ұйымдастырушысы Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті болып табылады.

Конференцияның пленарлық отырысына өңірдің мемлекеттік органдарының басшылары, судьялар, адвокаттар, шетелдік және отандық ғылыми қоғамдастықтардың өкілдері, оқытушылар мен студенттер де қатысты.

Қатысушылар мемлекеттілікті нығайту, қоғамның құқықтық мәдениетін арттыру, жоғары патриоттық сананы қалыптастыру, халықаралық ғылыми және саяси ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Конференция жұмысы азаматтық құқық және қылмыстық құқық секцияларында өтті. Онда 30-дан астам ғылыми мақалалар ұсынылды, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттердің өзара іс-қимылының халықаралық-құқықтық мәселелеріне арналған мақалалар болды.

Айта кетсек, 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстан тәуелсіздігінің саяси және құқықтық негізін қалыптастырды. Бүгінде мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету, халықтың әл-ауқатын арттыру, қызметтің маңызды салаларын дамыту, қоғамдық келісім орнату үшін маңызды қадамдар жасауда. Құқық қорғау органы ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үшін адам құқықтарын қорғау бірінші кезектегі міндет. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы, сондай-ақ «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобалары аясында өңір азаматтары және кәсіпкерлерінің құқықтары мен мүдделері қорғалады.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА Ақмола облысы бойынша департаменті облыстың мемлекеттік органдарының тәртіптік комиссиясының қызметін қорытындылады

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының төрағалары үшін семинар ұйымдастырып, онда 2023 жылдың және 2024 жылдың 1 тоқсанының...

Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасына басшы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Джанет Қанатұлы Микишев Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғаты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Джанет Қанатұлы, 1987 жылы Ақмола облысы Біржан сал ауданында туған, білімі жоғары, Сәтбаев...

Р.Қошқарбаев-100 жыл: «Есімі халқына ұран болған» атты колледж студенттері арасында әскери-патриоттық сайысы өтті

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақ халқының хас батыры, Халық қаhарманы Рақымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай «Есімі халқына ұран...

Жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау институты мемлекеттік органдар үшін «өзін-өзі тазартудың» пәрменді құралына айналуы тиіс – Антикор

Ақмола облысы әкімдігінің алаңында жергілікті атқарушы органдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары жария талқыланды. Кеңес барысында өңірдің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары...

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауы Қадірлі отандастар! Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын! Бұл – татулық пен тыныштықтың, тұрақтылық пен бейбітшіліктің символы саналатын...