Егіндікөл ауданының әкімдігі, полиция бөлімі және ТКҚСҚБ өкілдері құрамындағы мониторингтік топ бас санитарлық дәрігердің қаулысы талаптарын бұзушылықтардың алдын алу және тыю мақсатында ауданның кәсіпкерлік объектілері бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуді жалғастыруда.
Бүгінгі күні 3 дүкен және 2 қоғамдық монша қамтылды, объектілерде дезинфекциялық іс-шаралар ұйымдастырылды, қажетті дезинфекциялық құралдар қоры сатып алынды, қызметкерлер мен келушілер үшін дезбарьерлер, антисептиктер орнатылды. Қызметкерлер маскаларды кию және жою алгоритмін ұстанады.
Сондай-ақ, мобильді топ коронавирустық инфекцияның алдын алу және қорғаныс маскаларын міндетті түрде тағу бойынша объектілердің қызметкерлерімен және келушілермен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Егіндікөл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.