Сенбі, Мамыр 18, 2024
25.2 C
Kokshetau
19 C
Nur-Sultan
25 C
Almaty
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметЖасына байланысты зейнетақы тағайындау рәсімдері жеңілдетілді

Жасына байланысты зейнетақы тағайындау рәсімдері жеңілдетілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Агенттіктің мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту шараларды әзірлеу жөніндегі тапсырмасын іске асыру шеңберінде жасына байланысты зейнетақы тағайындау тәртібін жеңілдету туралы ұсыныс енгізді.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу кез келген үш жыл қатарынан орташа айлық табысқа негізделе отырып жүзеге асырылады, мұнда орташа айлық табыстың мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорлараына немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жараналары жүзеге асырылған табысқа сәйкес белгіленеді.

Осылайша, бұрын азаматтардың көпшілігі жұмыс орнының таратылуына және мұрағатта тиісті құжаттарының болмауына байланысты кірістерін растай алмағандықтан, бұрын зейнеткерлік жастағы қызмет алушылар кәрілікке байланысты зейнетақыны есептеу үшін табысы туралы анықтаманы уақтылы ұсынбаған. Сондай-ақ жеке дара кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар декларацияда көрсетілген табыс пен анықтамада көрсетілген кірістер арасында алшақтық болған жағдайда 100-ге жуық беттегі көлемде декларацияларды қосымша ұсынған.

Осыған байланысты, зейнетақы төлемдерін тағайындау жөніндегі уәкілетті органдар өтініш берушілдерді хабардар ете отырып, Мемлекеттік корпорация арқылы жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін құжаттарды қосымша өңдеу үшін зейнетақы ісінің электрондық макетін қайтаруға мәжбүр болды.

Нәтижесінде, өтініш берушілер мен көрсетілетін қызметті берушінің мамандары кірістер туралы нақты ақпарат алу үшін анықтама берген ұйымдарға, салық органдарына және мемлекеттік мұрағаттарға жүгінуіне тура келген.

Осылайша, қызмет алушылардың жасына байланысты зейнетақысын тағайындау үшін уақытында кірістерін растауға үлгермеген.

Осыған орай, Департамент талдау барысында көтерілген зейнеткерлік жастағы азаматтардың мәселелерін негізге ала отырып, жасына байланысты зейнетақыны уақытылы тағайындауды қамтамасыз ету мақсатында жоғары тұрған органдарға табыс анықтамаларын беру қажеттілігін жою жөнінде ұсыныстар енгізді.

Осы уақытта Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізіп, онда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде кірістер мен міндетті зейнетақы жарналарын және басқа да аударымдарды аудару туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген орталықтандырылған деректер базасындағы мәліметтермен расталады. Бұл түзетулер өтініш берушілерді құжаттар мен анықтамаларды жинаумен байланысты ауыртпалықтардан босатып, зейнетақы төлемдерін тағайындау тәртібін айтарлықтай жеңілдетті.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...