Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментіне жергілікті атқарушы орган тарапынан әкімшілік кедергілер жасалды деген шағыммен құрылыс компаниясының директоры жүгінді.
Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі кәсіпорынға бұрын берілген көппәтерлі тұрғын үйді жобалауға арналған сәулет-жоспарлау тапсырмасының күшін жойғаны, сондай-ақ бизнес субъектісінің эскиздік жобасын келісуден бас тартқаны белгілі болды.
Шенеуніктер түсіндіргендей, СЖТ берілгеннен кейін біраз уақыт өткен соң, тексеру нәтижелері бойынша олар КТҮ жобалауға рұқсаттың қате берілгенін анықтаған. Сол себепті мемлекеттік орган эскизді келісу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесіп проблемалық мәселені қарастыру кезінде мемлекеттік органның іс-әрекеттері негізсіз болып табылатынын анықтады. Сәулетшілер ҚР ӘРПК нормалары мен қағидаттарын ескермеген, оған сәйкес әкімшілік органның кінәсінен қабылданған заңсыз шешім әкімшілік рәсімге қатысушы үшін, яғни кәсіпкер үшін ауыр зардаптарға әкелуге тиіс емес.
Тексеру және кездесу қорытындысы бойынша кәсіпорынның эскиздік жобасы келісіліп, сәулет-жоспарлау тапсырмасы берілді, ал кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.