Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын анықтау мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады.
Талдау шеңберінде еңбекақы төлеу қоры, спорт тауарлары мен жабдықтарды сатып алу, спорт клубтарын қаржыландыру, оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру және басқа да мәселелер қамтылатын болады.
Департамент сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізуге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының құрамына кіру арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға қатысуға шақырылады.
Азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын қабылдау үшін anticorruption1494@mail.ru электрондық поштасы, сондай-ақ 8 (7162) 29-66-24 байланыс телефоны жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Департаментке Antikor ortalyǵy алаңы (Көкшетау қаласы, Назарбаев даңғылы, 71/1) арқылы жүгіну мүмкіндігі қарастырылған.
Барлық мүдделі азаматтарды ынтымақтастыққа және қатысуға шақырамыз!