Ақмола облыстық сотының қабырғасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Кеңеске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин, облыстық соттың төрағасы Арман Жүкенов, жергілікті соттар ұжымы қатысты.
Сөз сөйлеу барысында Департамент басшысының бірінші орынбасары судьялар корпусына жемқорлыққа қарсы заңнамадағы новеллаларды және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының ережелерін түсіндірді.
Атап айтқанда, Тұжырымдамада соттар мен құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алғышарттарын барынша азайту, сондай-ақ сот билігінің тәуелсіздігін одан әрі күшейту және құқық қорғау органдары қатарының тазалығын қамтамасыз ету қажеттілігі көзделген.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері, судьялар, пара берушілер мен парақорлыққа делдалдарға сыбайлас жемқорлығы үшін санкцияларды күшейту жөніндегі заңнамалық түзетулерге ерекше назар аударылды. Маңызды новеллалардың бірі құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің қылмыс жасауға арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылуы болды.
Сондай-ақ, спикер өңірдің Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасының бағыттары, Агенттік іске асырып жатқан «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобалары туралы айтып берді.
Өз кезегінде облыстық сот төрағасы жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою, процестік емес қатынастардың жолын кесу және соттарда заңнамалық нормаларды сақтау бойынша қабылданып жатқан шараларды айтып берді. Мысалы, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін үкімдерді жариялау кезінде сотталушылар ұжымының қатысуы қамтамасыз етіледі.
Соңында қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.