Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Pro bono волонтерлері Көкшетау қаласының №1 ХҚКО ғимаратында азаматтарды қабылдап, тегін кеңес берді.
Білікті адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар, жеке сот орындаушылары, Көкшетау қаласы әкімдігінің дербес бөлімдерінің басшылығы өңірдің 60-тан астам тұрғынына құқықтық көмек көрсетті.
Іс-шара барысында азаматтар жер және тұрғын үй қатынастары, сәулет, ТКШ, қаржы заңнамасы, азаматтық және мұрагерлік құқық, сот практикасы, түрлі жеңілдіктер алу мәселелері бойынша жүгінді.
Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыруда. Оның бағыттарының бірі Pro bono волонтерлік болып табылады. Бағыттың басты мақсаты — халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету. Консультациялар ай сайын өткізіледі.