Сенбі, Мамыр 18, 2024
24.2 C
Kokshetau
23 C
Nur-Sultan
22 C
Almaty
ЖаңалықтарЖемқорлықАқмола облысында сұлыны 32 млн астам бюджеттік теңгеге сатып алмақ болған

Ақмола облысында сұлыны 32 млн астам бюджеттік теңгеге сатып алмақ болған

Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлері мемлекеттік мекеменің жоспарланған сатып алуға бағаны негізсіз көтеру фактісін анықтады.

Атап айтқанда, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі жалпы сомасы шамамен 32,2 млн теңгеге немесе бір тоннасын 156 250 теңгеге 206 тонна сұлы сатып алуды жоспарлаған болатын.

Тауарға техникалық құжаттаманы және нарықтық бағаларды зерделегеннен кейін 1 тонна сұлының құны 55 000 теңгеден 75 000 теңгеге дейін өзгеретіні белгілі болды. Бұл жоспарланған бағадан екі-үш есе төмен.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлердің – «Әділдік жолы» РҚБ филиалы өкілдерінің белсенді азаматтық ұстанымының және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің уақтылы араласуының арқасында ұйым тауар сатып алудан бас тартты. Нәтижесінде 32,2 млн бюджеттік теңге үнемделді.

Айта кетейік, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында 120-ға жуық ақмолалықтар бюджет қаражатының ұтымсыз жұмсалуын болдырмауға көмектеседі, тегін құқықтық көмек көрсетеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жүргізеді және жобаның бағыттары бойынша басқа да мәселелерге қатысады. Сыбайлас жемқорлық мәселесіне бей-жай қарамайтын кез келген азамат немесе ұйым Антикор волонтері бола алады, ол үшін облыстық Департаментке жүгіну қажет.

- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің үздік хирург-дәрігерлері Ақмола тұрғындарына ота жасады

Көкшетауда «Жедел абдоминальді хирургияның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-конференция басталды. Іс-шара үлкен тәжірибесі мен жоғары кәсіби деңгейі бар медицина саласының мамандарының басын қосты. Сонымен...

Музей түні «Ойыншықтар әлемі» көрмесі өтті

Халықаралық музейлер күні қарсаңында 15 мамыр күні Мәлік Ғабдуллин мұражайында «Музейдегі түн» акциясы өтті. Жылдағы дәстүр бойынша, музей бұл күні таңғы сағат 10-нан түн...

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға қастандық жасалды

Шетелдік басылымның мәліметінше, бірнеше оқ жарақатын алған Роберт Фицо жедел ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде оның жағдай өте ауыр, өміріне қауіп төніп тұрған көрінеді. Сонымен бірге,...

Олжас Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын тексерді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесіп, Макинск қаласындағы...

Көкшетау қаласында құжаттарды ресімдеу үшін арнайы терминал іске қосылды

Көкшетау қаласының азаматтары ХҚКО жанындағы жаңа «Құжаттау терминалының» көмегімен құжаттарды ресімдей алады. Жоба қазірдің өзінде іске қосылды және қазіргі уақытта жоба штаттық режимде жұмыс...