Ақмола облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлікті дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесу Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары ардагерлерінің республикалық ұйымы төрағасының орынбасары, запастағы полковник Төлеген Төрегелдиннің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаментінің басшысы Асхат Оразханның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлері ұйымының өңірлік филиалының төрағасы, запастағы полковник Талғат Мамырбаевтың, сондай-ақ облыстың басқа да ардагерлерінің қатысуымен өтті.
Сөз сөйлеу барысында Төлеген Төрегелдин бүкіл қоғамды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне белсенді тартудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда Агенттік өткен жылдың тамыз айынан бастап қоғамдық бақылау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы зерттеулер мен білім беру, Pro bono волонтерлік, корпоративтік волонтерлік сияқты бағыттарды көздейтін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыруда.
«Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігін арттыру үшін бұл жұмысқа бей-жай қарамайтын жұртшылықты кеңінен тарту қажет. Бағыттар анықталып, енді мұнда белсенді азаматтық ұстанымды көрсете отырып, жобаның міндеттерін шешуге жан-жақты қарау маңызды. Біз ортақ игілік үшін бірігуіміз керек», — деді қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары.
Өз кезегінде облыстық Департамент басшысы Асхат Оразхан ардагерлерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы белсенділігі үшін алғыс айтып, Антикор қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде еріктілермен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Атап айтқанда, бүгінде 120-ға жуық волонтерлер жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне белсенді қатысуда. Бұл жұмыс белгілі бір оң нәтижелер береді.
Кездесу соңында қатысушылар жемқорлықтың алдын алу аясында одан әрі жемісті ынтымақтастық мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар, Төлеген Төрегелдин Департамент басшысына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ардагерлері ұйымы филиалының төрағасына ескерткіш төсбелгілерді табыстады.