Понедельник, 25 ноября, 2024
ЖаңалықтарЖемқорлықАнтикор сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды қорғау шараларын күшейтті

Антикор сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды қорғау шараларын күшейтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың тиімді шараларының бірі – бей-жай қарамайтын азаматтардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлауы.

Бұл ретте тұлғалардың мұндай санаты міндетті түрде мемлекеттің қорғауында болады және сараланған сыйақы жүйесіне сәйкес көтермеленеді.

Өткен жылдың 3 қаңтарынан бастап сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты мәлімдейтін тұлғаларды қорғауды күшейту бойынша бірқатар заңнамалық түзетулер қабылданды.

Бұл, ең алдымен, азаматтардың еңбек құқықтарына қатысты. Енді олар тәртіптік комиссияның немесе басқа алқалы органның ұсынымынсыз тәртіптік жауапкершілікке тартылмайды, жұмыстан шығарылмайды немесе басқа лауазымға ауыса алмайды. Бұл ретте мемлекеттік орган немесе ұйым алқалы органның отырысына қатысу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілін шақыруға тиіс. Ал егер Антикор комиссияның шешімдерімен келіспесе, онда еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға не прокуратураға қызметкердің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу туралы хабарлама жолданатын болады.

Мемлекет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жәрдем көрсететін тұлғаларды қорғаудың кепілі бола отырып, олар туралы мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді. 2023 жылғы мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсету туралы ақпаратты жария етпеу туралы келісім жасасу қағидаларын, сондай-ақ келісім нысанын бекітті. Енді сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам өзінің басшылығымен немесе сыбайлас жемқорлық істерін тергеп-тексеруді жүзеге асыратын уәкілетті органмен жария етпеу туралы Келісім жасаса, онда осы адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсеткені туралы ақпарат құпия болып есептеледі. Мұндай ақпаратты жария ету заңнамаға сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен қатар, азаматтар егер олар пара бергенге дейін құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органға жүгінсе және пара алушыны әшкерелеу жөніндегі жедел іс-шараларға қатысса, онда ҚК-нің 367-бабы («Пара беру») бойынша қылмыстық жауаптылық оларға қауіп төндірмейтінін білуі тиіс.

Сараланған сыйақы жүйесін енгізудің арқасында сыбайлас жемқорлықты ашуға жәрдемдесетін, бей-жай қарамайтын қазақстандықтар 14 млн теңгеден астам қаражат ала алады, бұл сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін көтермелеудің ең жоғары сомасы. Бұл тәсіл, ең алдымен, адамдардың заңсыз әрекеттерге төзбеушілігін дамытуға бағытталған.

Ақмола облысында сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеу институты жұмыс істеген кезеңде 62 ақмолалық 10 млн теңгеге жуық ақша алды, 2-і алғыс хатпен көтермеленді. Көбінесе азаматтар пара алу фактілері туралы хабарлаған.

Өңірлік Антикор барлық тұрғындарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне белсенді қатысуға, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 агенттігінің Сall-орталығына немесе Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментіне хабарлауға шақырады.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Алмас Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің 2024 жылғы 25 қарашадағы өкімімен, сондай-ақ, ҚР Президенті Әкімшілігінің және мәслихат депутаттарының келісімімен Алмас Аянұлы Алин Қорғалжын ауданының әкімі болып тағайындалды. Ауданның...

Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы тағайындалды

Ақмола облысы әкімінің өкімімен Мағжан Қайратұлы Ержан Ақмола облысы цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы болып тағайындалды. Мағжан Қайратұлы Еуразия технологиялық университетін, Қазақ Еңбек және әлеуметтік қатынастар...

Ақмолада Мемлекеттік бюджетті атқару кезінде жемқорлық тәуекелдері бойынша бухгалтерлерге арналған семинар өткізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Ақмола облысы бойынша департаментімен бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, білім беру және спорт саласындағы ұйымдардың бухгалтерлері үшін мемлекеттік бюджетті атқару кезіндегі сыбайлас...

296 фермердің 618 млн. теңгеден астам сомаға субсидия алу құқығы қалпына келтірілді

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызмет берушінің кінәсінен «Саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және...

Көкшетауда Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтті

1 қараша күні Үкілі Ыбырай атындағы Ақмола облыстық филармониясында «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Тұрлыхожа Базаровтың 75 жылдығына арналған «Күмбірлеткен кеудемді...