Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт 19 ақпанда түнгі сағат 04:45-те Еңбек ауылының Целинная көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйде болды.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Сағат 06:55 өрт оқшауланып, 08:18 сөндірілді.
«Өрт болған үйден 1966 жылғы ер адамның денесі табылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себептері мен келтірілген шығын көлемі анықталуда», — деді ведомстводан.