Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы Pro bono волонтерлері Көкшетау қаласының №3 ХҚКО ғимаратында азаматтарға тегін кеңес берді.
Іс-шара барысында білікті адвокаттар, заң кеңесшілері, нотариустар және жеке сот орындаушылары өңір тұрғындарына зейнетақымен қамсыздандыру, атқарушылық іс жүргізу, алимент міндеттемелері және басқа да салалар бойынша құқықтық көмек көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыруда. Оның бағыттарының бірі Pro bono волонтерлік болып табылады. Бағыттың басты мақсаты — халыққа тегін заңгерлік көмек көрсету. Консультациялар ай сайын өткізіледі.