Құрметті Ақмола облысының тұрғындары мен қонақтары!
А.ж. 25 сәуір күні сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін Көкшетау қаласының №1 Халыққа қызмет көрсету орталығында (мекен-жайы: М.Әуезов көшесі, 189а) Pro bono сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлері құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді, сондай-ақ жер қатынастары, құрылыс, ТКШ және автожол мәселелері бойынша азаматтарды қабылдайды.
Сіз білікті адвокаттардан, заң кеңесшілерінен, нотариустардан, жеке сот орындаушыларынан тегін заң көмегін ала аласыз. Ал Ақмола облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының, Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаментінің басшылығы азаматтарды қабылдайды.
Келіңіз және кез-келген құқықтық сұрақтарға жауап алыңыз!
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасының «Pro bono волонтерлік» бағыты шеңберінде құқықтық көмек ай сайын көрсетіледі.