Пятница, 18 октября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметМемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы беру тәжірибесіне талдау жүргізілді

Мемлекеттік қызметшілерге сыйлықақы беру тәжірибесіне талдау жүргізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) 2023 жылдың және 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі-ЖАО) мемлекеттік қызметшілеріне сыйлықақы беру практикасына талдау жүргізілді.

Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу, сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.08.29 № 1127 қаулысымен бекітілген)қағидалардың 4-тармағына сәйкес қызметкерге сыйлықақы берілмейді:

1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;

2) тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса;

3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді.

Департаментпен жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 2023 жылы жалпы сомасы 1 839 747 теңгеге сыйлықақыларды заңсыз төлеудің 15 фактісі анықталды, атап айтқанда, алынбаған тәртіптік жаза болған жағдайда 853 262 теңгеге 6 қызметкерге сыйлықақы берілді, 8 қызметкерге сынақ мерзімінен өту кезеңінде 871 485 теңге сомасына сыйлықақы, 1 айдан аз жұмыс істеген қызметкерге 115 000 теңге сыйлықақы берілді.

Мысалы, Сабынды ауылдық округінің әкімі мен Қызылсай ауылдық округінің әкімі алынбаған тәртіптік жазаның болуына қарамастан өзінің сыйлықақылары туралы өкімдер шығарғаны анықталды.

Қағидалардың 4-тармағының 2-тармақшасының талаптарын бұза отырып, Ақмола облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің бас маманы мемлекеттік органда бір айдан аз жұмыс істегеніне қарамастан  2024 жылғы 15 наурыздағы бұйрығымен сыйлықақы алды.

Департамент анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, мемлекеттік органдардың атына заңсыз төленген бюджет қаражатын қайтаруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі туралы хаттар енгізді.

Департамент  осындай бұзушылықтарды бұдан әрі болдырмау мақсатында аудан (қала) әкімдерінің аппарат басшыларына, мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларына және мемлекеттік органдардың әдеп жөніндегі уәкілдеріне семинар өткізілді.

spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 54 мемлекеттік қызметші әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Бүгінгі таңда әлеуметтік қолдау шараларын көрсету аудандық және ауылдық жерлерге жас мамандарды тартудың тиімді құралы болып қала береді. Ауылдық жерге жұмыс істеуге және тұруға...

Әлеуметтік қолдау шаралары – жас мамандарды ынталандыру құралдарының бірі ретінде

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 56 бабының 12 тармағында  басшылық лауазымдарды атқаратын адамдарды қоспағанда, ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін және тұратын "Б" корпусының...

Антикор Ақмола 9 айдың қорытындысы бойынша брифинг өткізді

Ағымдағы жылдың 15 қазанында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) департаментінің басшысы Асхат Оразханның...

Мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындылары қаралды

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаменті мемлекеттік қызметшілерді қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартудың жай-күйін талдау қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың қызметкерлері үшін семинар ұйымдастырды. Жүргізілген...

Ақмола облысында 949 мемлекеттік қызметші біліктіліктерін арттырды

Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру - бұл мемлекеттік қызметтің адами капиталын дамытудың шешуші процесі. Мемлекеттік қызмет саласындағы қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметшілер...