Четверг, 19 сентября, 2024
ЖаңалықтарҚоғамМемлекеттік қызметЗаманауи мемлекеттік қызмет: тең жағдайлар мен мүмкіндіктер

Заманауи мемлекеттік қызмет: тең жағдайлар мен мүмкіндіктер

Бүгін мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспарды жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Достық үйінің мәжіліс залында «Заманауи мемлекеттік қызмет: тең жағдайлар мен мүмкіндіктер» тақырыбында диалогтық алаңы ұйымдастырылды.
Диалогтық алаңға облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова, «Шанс» мүгедектерді оңалту орталығының басшысы Василий Шиманский, «Акмолинская правда» газетінің тілшісі, Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі Нина Митчинова, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының директоры Ержан Жаров, Ақмола облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Ainagul Zhanadilova, облыстық санитарлық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Айна Мусина, тәжірибелі және жас мемлекеттік қызметшілер, БАҚ өкілдері шақырылды.
Іс-шара барысында Департамент басшысы Думан Әбілев мемлекеттік қызметке түсу және оны өткеру кезінде барлық азаматтарға заңнамалық негізде тең жағдайлардың қамтамасыз етілетінін және жыл сайын осы мәселені одан әрі жетілдіруге ерекше көңіл бөлініп жатқанын айтты. Сонымен қатар Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Райхан Братаева мемлекеттік қызметтегі әйелдердің үлесі туралы баяндама жасап, соңғы жылдардағы өзекті статистикалық мәліметтермен бөлісті.
Кездесуде гендерлік теңдік, мемлекеттік қызметтегі және қоғамдағы әйелдердің рөлі, меритократия қағидатының жүзеге асырылуы, мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға жағдай жасау, жастарды мемлекеттік қызметке тарту және ынталандыру, т.б. мәселелер талқыланды.
spot_img
- Жарнама -Newspaper WordPress Theme

Соңғы жаңалықтар

МҚІА Департаменті қызмет алушының құқықтарын қорғады

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментіне «Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» қызметін көрсету кезінде лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері...

Қашықтықтан бақылау нәтижесінде 363 қызмет алушының құқықтары сақталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Е-лицензиялау» жүйесінде қашықтықтан жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 363 қызмет алушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етті. Осылайша, бұған...

Ақмола облысында 119 мемлекеттік қызметші үстеме жұмысқа тартылған

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, аппарат басшылары және әдеп жөніндегі уәкілдер үшін семинар ұйымдастырып, онда 2024...

Ақмола облысында өңірлік кадр резерві жасақталды

Ақмола облысы кадр комиссиясының шешімімен өңірлік кадр резервіне 25 адам іріктелді. Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында ҚР Мемлекеттік қызмет...

«Өнерлі шаңырақ» облыстық байқауының жеңімпазы анықталды

Байқауға Ақмола облысының 13 өнерлі отбасылары қатысты. Гран-при иегерлері Қосшы қаласының Жайбусиновтар отбасы Нұрғиса Тілендиевтің “Ата толғау” күйін домбыра, бас домбыра, сырнай, сылдырмақ, шаңқобыз...