ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі — жастармен жұмыс істеу, оларды мемлекеттік басқару ісіне тарту. Осы орайда Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық даму орталығымен» мен бірлесе отырып, іс-шаралар өткізу бастамасы қолға алынуда.
Бүгін орталықпен ұйымдастырылған «Жастар — жарқын болашаққа» айдары аясында Департаменттің ресми өкілі Жазира Сейтмағанбетова жастар қозғалысы, мемлекеттік қызметтегі жастар және мемлекеттік аппаратты дамытудағы олардың рөлі, мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі және т.б. туралы сұхбат берді. Кездесу соңында «Қоғамдық даму орталығы» КММ басшысы Айдар Қожабаев спикерге белсенді азаматтық ұстанымы және қоғамдық дамуға қосқан үлесі үшін естелік кітаптар табыстады.
Алдағы уақытта «Қоғамдық даму орталығына» қарасты жобаларға тартылған белсенді жастармен кездесу өткізу жоспарланды.